Қарағанды облысында жұмыссыз ер адамнан 1 келіден астам героин тәркіленді

ҚАРАҒАНДЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында полицейлер Долинка кентінің 34 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйін тінту барысында 1 келіден астам героин тәркіленді, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Шахтинск қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері кеше 34 жастағы тұрғынның үйінде (Долинка кенті) тінту жұмыстарын жүргізді. Тінту нәтижесінде 1 келі 75,349 грамм салмақта есірткі заты - «героин» анықталып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

Бұл жігіт есірткі сақтағаны үшін бұған дейін де полицейлердің назарына іліккен, деп хабарлады полициядан.

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

«Бұл қылмыс үшін ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп хабарлады полициядан.

Соңғы жаңалықтар