Қарағанды облысында жүрген «Саламатты Қазақстан» пойызында 51 ота жасалды

Аймақтың Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, үстіміздегі жылдың 12-27 сәуір күндері аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызы Қарағанды облысының Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар бекеттерінде болды. Бүгінге дейін барлығы 1952 адам, соның ішінде 714 бала тексерілді. Дәрігерлердің қабылдауында 27 064 адам болды. 17 757 диагностикалық процеруда жүргізілді (2420 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 1099 бас миының эхоэнцефалографиясы және ультрадыбыстық допплерографиясы, 1219 электрокардиография, 494 көздің ішкі қысымын өлшеу, 1339 рентгенологиялық зерттеу, 317 эндоскопия, 10 869 клиникалық-биохимиялық анализ), 51 кіші емханалық ота жасалды. Маммолог дәрігерге 374 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 983 тұрғынға көрсетілді. Қаражал қаласы медициналық пойыздың он үшінші аялдамасы болып табылады. Барлық кабинеттер қажетті диагностикалық құралдармен жабдықталған.