Қарағанды облысында «ЗИЛ» автокөлігі мен «Мерседестің» соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Жезқазған қаласында бүгін таңғы сағат жетіде, батыс айналма жолында «ЗИЛ» және «Мерседес» автокөліктері соқтығысты,
деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік апатының салдарынан алты адам қаза тапты. Олар - «Мерседес» автокөлігінің жүргізуші және бес жолаушысы. «Мерт болған жүргізуші 27 жаста, ал екі жолаушы да 29 және 27 жастағы жас жігіттер. Қазіргі уақытта көз жұмған бір ер адам мен екі әйелдің жеке тұлғалары анықталып жатыр», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Қаза тапқан жүргізуші автокөліктен өрт сөндіру бөлімшелерінің көмегімен шығарылған.