Қарағанды облысында зымыранның құлауы салдарынан күйіп қалған ер кісі есін жиды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы далалы жерде құлаған «Союз-2.1а» зымыран-тасығыштың бір бөлігі құлағанда күйік шалған кәсіпорын жұмысшысы есін жинап, өзі демалып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында зымыранның құлауы салдарынан күйіп қалған ер кісі есін жиды

«Ол есін жинады, өздігінен дем алуда. Қазір оны Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығына тасу мәселесі шешіліп жатыр. Бұл - жарақаттың осы түрі бойынша мамандандырылған клиника. Ол жерде күйік шалған науқастарды емдеу үшін барлық жағдай жасалған», - деп түсіндірді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Денесінің 45 процентін күйік шалған 49 жастағы науқасты санитарлық авиация тікұшағымен жеткізу жоспарлануда.

Талап кентінің әкімі Ғабит Битенов хабарлағандай, зымыранның бір бөлігі Ресейдің жалға алған жеріне құлаған.

«Құлаған зымыранның денсаулыққа зиян екені туралы сөздер болды. Мен ауыл тұрғындарымен жеке кездесіп, ракетаның отыны - керосин екендігін және оның экология мен адам денсаулығына және малдарға зияны жоқтығын түсіндірдім», - деді ауыл әкімі.