Қарағанды облысындағы автомобиль көлігінің қозғалысы бойынша қойылған шектеу алынды - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыз жағдайына (ұйтқыма жел, сырғыма қар, боран) және көрінудің шектеулігіне байланысты ақпанның 4-і күні сағат 19.00-ден бастап Маңғыстау облысының Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстанның шекарасы автомобиль жолында автомобиль көлігінің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды.

Қарағанды облысындағы автомобиль көлігінің қозғалысы бойынша қойылған шектеу алынды  - Көлік және коммуникация министрлігі

Қазіргі таңда аталған учаскеде «Қазақавтожол» РМК 5 жол-пайдалану техникасы жұмыс істеуде. Уақтылы көмек көрсету мақсатында тәулік бойы жол бойы бақылауға алынды.

Сондай-ақ ақпанның 4-інен 5-іне қараған түні температураның Цельсий бойынша -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Қарағанды облысы бойынша және осы облыс бағытындағы Павлодар қаласынан шығатын қатынас жолда жолаушы және дизелді көліктердің қозғалысы шектелді. Қазіргі уақытта бұл шектеулер алынды.

Басқа республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол ашық.