Қарағанды облысындағы балалар театры онлайн-режимдегі жұмысқа көшті

Атап өтілгендей, көрермендерге спектакльдерді онлайн көрсетуге әзірге техникалық мүмкіндік жоқ. Бірақ пьесалар тікелей эфирде оқылатын болып шешілді.
«Біз көрермендерді театрсыз қалдырмауға ұмтыламыз. Егер оларды өзімізге шақыруға уақытша мүмкіндік болмаса, онда біз оларға баруымыз тиіс. Интернет, әлеуметтік желілер – ең қолайлы нұсқа деп есептейміз. Көрермендер айына бір рет заманауи драматургтардың пьесаларын оқып үйренген. Сондықтан Instagram-да онлайн-режимде оқу ұйымдастырамыз. temirtau.tuz – осында кез келген адам бізге қосыла алады», - дейді директордың көрермендер жөніндегі орынбасары Павел Авдюков.
Жас көрермендер үйде отырып, өзін-өзі дамытумен айналысып, шығармашылық үдеріске қатысу үшін ұжым викториналар да өткізетін болады. Қазір байқау шарттары әзірленуде. Сондай-ақ сүйікті әртістермен онлайн-кездесу жоспарланған.
Гильерме Фигейредоның «Эзоп» пьесасын оқу 18 наурызға жоспарланған. Тікелей эфир өткізу туралы толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша білуге болады: (8 -7213) 93-51-84, 44-76-73.