10:47, 09 Шілде 2016 | GMT +5
Қарағанды облысындағы Қазақмыс кен орнында кенші қаза тапты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласында «Қазақмыс корпорациясы «Жомарт» ЖШС» кенішінде 42 жастағы кенші қаза тапты, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Жезқазғандағы «Жомарт» кен орнында ұңғымаға жиналған балшық пен суды тартып шығару барысында желдеткіш діңгектердің бірінен 42 жастағы кеншінің денесі табылған. Мамандардың айтуынша, жұмысшы диаметрі 4 метрге жуық желдетпе шурфтан кенеттен су келуі нәтижесінде зардап шеккен», - делінген хабарламада.
Компания ақпараты бойынша, кенші бұйрық бойынша өз жұмысын орындаған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтайтын болады.