Қарағанды облысындағы көктайғақ: 60 машина жолда қалып қойды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Спасск кенті маңында, Алматы-Екатеринбург күре жолының асуында 60 автокөліктен құралған бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Кептеліске тұрып қалған автокөліктердің басым көпшілігі жүк машиналары, олар көктайғақ жолмен асуға көтеріле алмаған. Онда «Қазавтожол» ЖШС және жергілікті полиция қызметі бөлімшелері жұмыс жүргізуде. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және көмек көрсету үшін арнайы көлікпен төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасақтары барды», - дейді ТЖ жөніндегі департаменттің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Бұдан тыс, Жезқазғаннан 120 км қашықтықта Қарағанды-Жезқазған бағытын бетке алып шыққан жолаушылар автобусы тоқтап тұр. Жүргізуші көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай қаламын ба деп қорқады. Ол жерге арнайы көлікпен Қарағанды облыстық ТЖД-нің №42 өрт сөндіру бөлімшесі жіберілді.

Еске сала кетсек , 24 желтоқсан күні кешкісін жедел қызметтер көліктің барлық түрі үшін Қарағанды облысындағы барлық бағыттарды жапқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар