Қарағанды облысындағы Құрма құс фабрикасы жылына 8 миллион жұмыртқа өндіреді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Абай ауданына жұмыс сапарымен барған Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «Агрофирма Құрма» ЖШС жұмысымен танысты, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
«Кәсіпорын ақ Кросс Хайсекс тауықтарынан тауарлық және тұқымдық жұмытқалар өндіруге маманданған. Ондағы құс саны 42,2 мыңға жетті, оның ішінде жұмыртқа беретіндер саны 17,3 мың. Жылына 8 миллион инкубаторлық жұмыртқа өндіріледі», - делінген хабарламада.
Келесі бағыт Ақбастау ауылының мал дәрігерлік пункті еді. Н. Әбдібеков онда мал дәрігерінің кабинетін, препараттар мен биоматериалдар сақталатын бөлмені аралады.