Қарағанды облысындағы Самарқан су қоймасында екі адам құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды облысындағы Самарқан су қоймасында екі адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қарағанды облысындағы Самарқан су қоймасында екі адам құтқарылды

14:20-да қалалық жағажай аумағындағы акваторияны күзету кезінде Теміртау қаласының құтқару бөлімшесінің кезекшісі су бетінде қимылсыз жатқан адамды көріп қалады. Жедел жеткен құтқарушылар мен медбике келіншектің ес-түссіз жатқанын анықтайды. Оны жағалауға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді, сонан соң жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Екінші оқиға кешке қарай болды. 18:45-те құтқарушыларға «Күнгей мүйіс» («Солнечная лагуна») демалыс аймағында жас жігіттің суға батып бара жатқаны туралы хабар келіп түседі. 18:53-те олар жігітті жағалауға алып шықты. Оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар жігітке судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.