Қарағанды облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің 150 тонна шөбі өртеніп кетті

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Осакаровка ауданына қарасты Приишимск ауылындағы «Приишимское» фермерлік шаруашылығында өрт тұтанып, 400 шаршы метр аумақты қамтыды, деп хабарлады еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Аталған ведомствоның ақпаратына сәйкес, 150 тонна шөп өртенген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Тілсіз жау 4 сағат өткеннен кейін Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қымзетінің күшімен ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар