Қарағанды облысындағы төрт кенттің тұрғындары су тасқынына байланысты эвакуацияланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында су басқан төрт кенттің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысындағы төрт кенттің тұрғындары су тасқынына байланысты эвакуацияланды

Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылдық округіне қарасты Сарытөбе кентінде бір тәулікте 110 адам екі жолаушылар вагонымен эвакуацияланды. Тұрғындар Көкпекті кентіндегі мектепке орналастырылды. Құтқару жұмыстарына жедел қызметтің 64 қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды. Дәл қазіргі ақпаратқа сәйкес, 5 ауланың аймағы, соның ішінде 1 жеке үй су астында қалды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында соңғы екі тәуліктің ішінде Самарқанд және Шерубай-Нұра су қоймасындағы су деңгейі көтерілген. Бұл жақын маңда орналасқан елді мекендерге қауіп төндіріп жатыр.
null 

«Ұлттық гвардия әскери бөлімінің сарбаздары, әкімдік қызметкерлері, ТЖД жасақтары дер кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Самарқанд су қоймасында секундына 450 текше метр суды босатуға әрі одан ары көлемін ұлғайтуға байланысты Чкалово ауылынан 137 адам шығарылды. Олар Теміртау және Самарқанд ауылындағы туыстарына жеткізілді. 110 бас ірі және 356 бас ұсақ қара мал қауіпсіз жерге көшірілді», - деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Садовый ауылында да дәл осындай жағдай орын алып, адамдар мен жануарлар эвакуацияланды. Нұра мен Баймырза өзендері түйісіп, 12 ауланың аумағын су басты. Бірінші мамыр ауылында тасыған су салдарынан 247 адам көшірілді.
null 

Құтқарушылардың айтуынша, өңірдегі жағдайды ТЖ департаментінің жедел штабы өз бақылауына алған. Су басқан аумақтарда эвакуациялық іс-шаралар жүргізіліп, тасыған сулар айдалуда. Тәулік бойы өзендегі судың деңгейі қадағаланып отыр.