Қарағанды облысындағы жолдарда 31 жылыту бекеті ұйымдастырылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ТЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қысқы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.
None

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтың ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында қар көшкіні болуы ықтимал 747 шақырым автомобиль жолдары күшейтілген бақылауға алынды. 31 жылыту пункті мен 6 трассалық медициналық-құтқару бекеттерінің жұмысы ұйымдастырылды.

«Өңірде ұзындығы 747 шақырым болатын 590 қар қалың түсетін учаске бар. Бұл автожолдар бақылауға алынды», – деді Мұрат Қатпанов.

Адамдарды эвакуациялау және боран мен жолдың көрінуі қиындаған кезде уақытша орналастыру үшін жол бойындағы сервистің 355 нысаны жұмылдырылатын болады. Бұл 85 жанармай құю бекеті, 160 тамақтану орны, 31 қонақ үй мен кемпинг, 79 байланыс пункті.

«Азаматтарға ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге және алыс жолға, әсіресе кешкі және түнгі уақытта сапарлар мен жаяу жүруден бас тарту қажет екенін еске салғым келеді. Ата-аналарға сабақты тоқтату туралы ақпаратты назарда ұстауға шағырамыз. Жүргізушілер көліктің жай-күйін мұқият тексеріп, автожолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отыруы қажет», – деп қосты Мұрат Қатпанов.

Жалпы, Қарағанды облысында қыста ТЖ салдарын жою үшін барлық қажетті техника мен жабдықтар толық дайын. ТЖ департаменті қыста жұмыс істеуге арналған 76 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындалды.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар