Қарағанды облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
«Қарағанды облысында 2021 жылғы 17 қараша күні сағат 18.00-ден бастап күннің бұзылуына байланысты (боран, боран, жолда көрудің нашарлауы) «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1847 шақырымында, атап айтқанда, Жұмабек ауылы мен Балқаш қаласы арасындағы («СП КазГерСтрой» ЖШС және «СІТІС Cоnstraction» реконструкциялау учаскесі) учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар.