Қарағанды облысының 5 ауданы мен 2 қаласында төтенше жағдай жарияланған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Су тасқынының тоқтағанына қарамастан табиғи ауқымдағы төтенше жағдай Қарағанды облысының 5 ауданы мен екі қаласында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимі Абай, Шет, Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра аудандарында, сонымен қатар Шахтинск мен Сарань қалаларында жарияланды.

Қарақаралы мен Бұқар Жырау аудандарынан хабарланғанындай, Төтенше жағдай режимін жариялау туралы қаулыға өзгеріс енгізілген жоқ және ол әлі жалғасуда.

«Қазіргі таңда жолдар, көпірлер мен өзге де ғимараттардың су шайуымен байланысты шығындар есептелуде. Сонымен бірге оқиғаның салдарымен күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Текй осы жұмыстар аяқталған соң ғана Төтенше жағдай режимі алынып тастайды»,-деп хабарлады Қарқаралы ауданының әкімдігінің қызметкерлері.

Айта кетейік, 17 сәуір күні су тасқынына байланысты табиғи ауқымдағы төтенше жағдай режимі Қарағанды облысының 5 ауданы мен 2 қаласында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram