Қарағанды облысының Абай қаласында 550 орындық жаңа балабақша ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Абай қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша 550 орындық балабақша ашылды. Мектепке дейінгі мекемеде 100-ден астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының Абай қаласында 550 орындық жаңа балабақша ашылды

Қазір жаңа балабақша штаты жасақталуда.

«Абайда мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс іздеп жүрген мамандар көп. Біз тиісті білімі бар қызметкерлерді жаңа бағдарламалар бойынша оқытамыз. Балабақшада даму үйірмелерін, спорт секцияларын ашуды жоспарлап отырмыз», - деді «Әдемі бөбекжай балабақшасы» ЖШС басшысы Ербол Қарнақбаев.

Балабақша Политехникалық колледждің бұрынғы ғимаратында орналасқан. Онда балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.