Қарағанды облысының әкімдігі ауыл тұрғындарына бизнесті дамытуға көмектеседі
Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров несиелеу шарттары қандай және ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасына кім қатыса алатыны туралы айтып берді.
- Бүгінгі таңда барлық аудандарда жұмыс топтары құрылды. Несиелеу бойынша негізгі талаптар мен ережелерді түсіндіру бойынша тұрғындардың жиындары өткізіледі. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалын анықтау үшін облыстың барлық ауылдық округтеріне скрининг жүргізілді. Сондай-ақ аудандарда ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру үшін жер учаскелерін резервтеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Болжамды кепілдерді, әлеуетті қарыз алушыларды талдау бойынша жұмыс жүргізілуде.
– Қарағанды облысына қанша қаражат пен қарыз бөлінді?
– 2023 жылдан 2025 жылға дейін 4,6 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Биыл 2,4 млрд теңге қарастырылған. 500-ге жуық шағын қарыз беру жоспарда бар. Бұл ретте стартаптардың үлесі барлық берілген несиелердің кемінде 30 % құрауы тиіс.
– Микронесиені кім ала алады және шарттары қандай?
– Шағын несиелер ауыл тұрғындарына мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын іске асыру үшін берілетін болады. Өзге де бағыттар жеке қарастырылады. Пилоттық жобаға қатысатын ауылдық округтерді біз әлі анықтап жатырмыз.
Шағын несие алудың міндетті шарты салық органдарында тіркеу және кепілмен қамтамасыз ету болады.
Мал шаруашылығы саласында микрокредит беру мерзімі – 7 жыл, қалған салалар бойынша – 5 жыл. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 %. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделетін болады, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын болады.
– Максималды сома қанша?
– Зәкірлі ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін 2500 АЕК (биыл – 8 625 000 теңге) және 8000 АЕК (27 600 000 теңге) дейін.
– Микрокредиттер беру қашан басталады?
– Біз бұл жұмысты осы жылдың мамыр айында бастауды жоспарлап отырмыз.
Ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба алғаш рет 2019 жылы Жамбыл облысында басталды. Мемлекет басшысы бұл бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауқымды етуді тапсырды.