Қарағанды облысының әкімдігінде өткен кеңесте қызмет көрсету кәсіпорындарын инвестициялау бағдарламалары қаралды

ҚАРАҒАНДЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов жұмыс кеңесін өткізіп, Қарағанды қаласындағы қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмысына қатысты мәселелерді талқыға салды.
None
None

Бұл туралы бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың хабарлауынша, кеңес барысында «Қарағанды энергияорталығы» ЖШС мен «Қарағанды Жарық» ЖШС инвестициялық бағдарламаларын ұсынды.

«Қарағанды энергияорталығы» ЖШС бас директоры Сабырғали Ыдырысов өз сөзінде айтып өткендей, 2011 жылы екі жылу электр орталықтарындағы негізгі және қосымша құрылғыларды жөндеуден және күрделі жөндеуден өткізу үшін 11,8 млрд. теңге салынған.

Аймақ басшысының баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Қарағанды Жарық» ЖШС-ның 2011-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының құны 33,7 млрд. теңгені құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, кеңес барысында сондай-ақ Қарағанды ЖЭО-3 нысанын қайта жаңғырту мен кеңейту жөніндегі бағдарлама жобасы мен «Қарағанды Су» ЖШС-ның қызметін шығынсыз деңгейге жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуы бойынша есеп тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар