Қарағанды облысының әкімі Қасиетті Введенский соборында православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
ҚАРАҒАНДЫ. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев бүгін Қарағандының Қасиетті Введенский соборында болып,
православ христиандарын Рождество мейрамымен құттықтады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттің өз азаматтарының діни сеніміне құрметпен қарауы - біздің елдегі дінаралық келісімнің маңызды негіздерінің бірі. Адамгершілік, өнеге көрсету, өзара құрмет пен қолдау сынды мәңгілік ақиқатқа сүйене отырып, біз барлық конфессиялардың дамуына жағдай жасадық. Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Респуликасында бейбітшілік пен келісімді сақтап қалдық», - деді облыс әкімі діндарларға қарата айтқан сөзінде.