Қарағанды облысының әкімі көмір бағасына қатысты мәселені анықтауға тапсырма берді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста жеке меншік тұтынушыларға арналған көмір бағасына қатысты мәселе талқыланды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты. 
None
None

Облыс әкімі Ерлан Қошанов көмір өндіруші компаниялардың жетекшілерінен мәселенің мән-жайын сұрады. Ол өзінің орынбасарларына қара отынның бағасы қалай құралатынын егжей-тегжейлі анықтауды тапсырды. 

 - Халыққа қажетті көмірдің тапшылығына қатысты проблема бар, - деп көтерді мәселені Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев. - «Жалын» халыққа қажетті көмірді шығармайды. Ал «Шұбаркөл» бағаны тоннасына 8500 теңгеге дейін көтеріп жіберді. КамАЗ жүргізушілері көмір алу үшін екі-үш тәулік бойы кезекте тұрады. Облыс әкімі бұл мәселеге байланысты «Шұбаркөл көмір» АҚ өкілінен жауап сұрады. 

 - Біз көмірімізді келісімшарт жасасқан мекемелерге бір тоннасын 4 502 теңгеден, қосымша салық құнысыз сатамыз. 8500 теңге - ол делдал сатушылар болар. Оны жергілікті жерде шешу керек. Біз келісімшарты бар тұтынушыларға сатамыз, - деп түсіндірді сату бөлімінің бастығы Нина Горнякова. 

  Ерлан Қошанов басқа да көмір өнеркәсіптерінің өкілдерімен әңгімелесті. Берілген жауаптарға сүйенсек, баға 3000 теңгеден 8000 теңге аралығында болып отыр. 

  Аймақ басшысы өзінің орынбасарларына қысқа мерзімде қатты отынның бағасын қалыптастыруға байланысты мәселені шешуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум