Қарағанды облысының әкімі майдангерлермен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлерімен кездесті. Салтанатты жиынға облыстағы қалалар мен аудандардан 30 адам келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Майдангерлерді оркестрдің әскери музыкасымен қарсы алды. Өңір басшысы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы: «Өз Отанының патриоты болу - Қазақстанды мәңгілік жүрегінде сақтау» деген сөздерін еске алды.

1 

«Президент айтқандай, қазіргі Қазақстанның табысқа жетуінде соғыс және еңбек ардагерлерінің үлесі мол. Бұл Жеңіс болмаса, еліміздің тәуелсіздігі болмас еді. Сіздер өздеріңіздің қиын тағдырларыңызбен, Отан үшін жасаған істеріңіз арқылы бізге сабырлықты, кез келген қиындыққа төзімді болуға және болашаққа сеніммен қарауға үйретіп жатырсыздар. Міне, сондықтан сіздермен өтетін әр кездесу - біз үшін өте маңызды оқиға. Сіздердің жасаған ерліктеріңіз ешқашан өшпейді, мәңгілік сақталады», - деді Ерлан Қошанов ардагерлерге.

2

Майдангерлер саны жыл сайын азайып барады. 2010 жылы Жеңіс күніне Қарағанды облысында 1110 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері  қатысты. Жеңістің 70 жылдығына дейін 340 майдангер өмір сүрсе, қазір олардың саны небәрі 184. Кездесу барысында Қарағанды облысының құрметті азаматы Камали Дүйсембеков, Сәтбаев қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шермұхамбет Байбосынов сөз сөйледі.  

3 

Ардагерлерге арналған мерекелік концертке кәсіби әртістер мен балалар көркемөнер ұжымы қатысты. Барлық қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды. 

4

Соңғы жаңалықтар