Қарағанды облысының әкімі Президент сынына орай әрекет етуде

«Кешегі өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ескертулер жасады. Біз бірден-бір және ең басты міндетті шешуге барынша күш салуымыз қажет - бұл облыс халқының барынша сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету», - деді облыс әкімі Бауыржан Әбдішев.
Ол өңірге қатысты Президент айтқан сынды әділетті деп мойындады.
«9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жалпы тұрақты және жағымды өсімге ие, оны сақтау қажет. Сонымен қатар бірқатар шешілуі қажет мәселелер бар, оларды шешу әр мемлекеттік қызметкер үшін басым мақсат болуы қажет», - деп атап өтті облыс әкімі.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов өз баяндамасында хабарлағандай, 2013 жылдың 9 айында аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2012 жылдың сәйкесінше кезеңіндегі нақты көлем 101,5% индексімен 1 трлн-нан астам теңгені құрады.
Қазіргі уақытта жалпы құны 76 млрд. теңге тұратын индустрияландыру картасының 46 жобасы іске қосылды, 3500-дей жаңа жұмыс орны құрылды, деп еске салды ол.
«Негізгі капиталға 288 млрд. теңге инвестицияланды, бұл өткен жылдың деңгейінен 42,6% жоғары. Сонымен қатар 70 млрд.-тан астам теңге өңдеу саласын дамытуға салынды», - деп ақпараттандырды облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Есеп беру мәліметтері бойынша, 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың сыртқы сауда көлемі 6,9%, соның ішінде экспорт көлемі - на 12,8%-ға өсті.
Облыста есеп беру кезеңінде 257,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Мемлекет басшысы айтқандай, біз халықтың көңіл-күйін бақылауымыз қажет, шағымдарға және көтеріліп жатқан шешілуі тиіс мәселелерге уақытылы әрекет етуіміз қажет », - деп атап өрсетті Б. Әбдішев.
Әкімдік отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.