Қарағанды облысының активі Жолдау жүктеген міндеттерді талқылады
«Еліміздің ең ірі индустриялық орталығы болып табылатын Қарағанды облысы Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда негізгі роль атқаруы керек»,- деп атап көрсетті облыс әкімі Серік Ахметов өз сөзінде.
Әкімнің айтуынша, облыста Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын табады. «Қарағанды облысында Индустрияландыру картасының аясында 2010 жылы жалпы сомасы 30 миллиардтан астам теңгенің 9 нысаны іске қосылып, соның арқасында 800-дей жаңа жұмыс орны ашылды. 2014 жылға дейін өңірде 76 миллиард теңге соманың тағы 14 жобасын жүзеге асыру, тағы 2320 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», деді С.Ахметов.
Кеңеске мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, бюджеттік ұйымдардың, өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты.