Қарағанды облысының бас имамы өңір тұрғындарына үндеу жолдады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. Дін өкілі тұрғындарды даналыққа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа отандастарын даналыққа, бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға шақырды.
«Біздің Президент халық игілігі үшін дұрыс шешім қабылдады. Біздің міндетіміз – бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Қазақтар әрқашан дана болған және барлығын ақылмен шешкен. Осының арқасында ата-бабаларымыз тәуелсіздікке, бостандыққа қол жеткізді. Біз бәрін бейбіт жолмен шешуіміз керек», - деді Бас имам өз жерлестеріне.