Қарағанды облысының бір ауданында биыл он екі шағын футбол алаңы ашылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында биыл «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Ботақара кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және 12 футбол алаңы аяқталуы тиіс.

Қарағанды облысының бір ауданында биыл он екі шағын футбол алаңы ашылады

Сондай-ақ, Ғабиден Мұстафин атындағы ауылда заманауи дене-шынықтыру сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұқар Жырау ауданының әкімі Сержан Аймақов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте бұқаралық спортты дамыту, өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен қазіргі уақыттағы жоспарлары туралы айтып берді.

«Ауданда спорт және дене шынықтырумен қамту 32,8% құрайды. Өткен жылы Үміткер, Самарқанд, Қызылқайың, Тоғызқұдық, Қызылжар, Жаңаөзен, Белағаш, Ақбел ауылдарында түрлі спорт секцияларын аштық. Құрылыс пен Ақбелде екі көпфункционалды корт, Тоғызқұдықта футбол алаңы, ал Петровкада – Street Workout алаңы пайда болды. Биыл Ботақарада дене шынықтыру-сауықтыру кешеніннің құрылысы аяқталады, ал Ғабиден Мұстафинде дәл осындай нысанның құрылысы асталады. Одан басқа, биыл біз ауылдарда 12 шағын футбол алаңын, сондай-ақ Көкпекті ауылында Street Workout алаңын және Қарақұдықта баскетбол-волейбол алаңын ашуды жоспарлап отырмыз. Спорттық инфрақұрылымды құру шығындары үш есе артады», – деп хабарлады Сержан Аймақов.

Сондай-ақ, өткен жылы аудан шалғайдағы ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жылжымалы дәріхана пунктін сатып алды. Биыл Қызылжар мен Қарақұдық қалаларында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынады.

Аудан басшысы негізгі проблема сапалы ауыз судың жетіспеушілігі болып отырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда оған 51 елді мекеннің тұрғындары немесе 92,7% қол жеткізе алады.

«Өткен жылдан бастап ауданның он елді мекенінде: Ботақара, Қушоқы кенттерінде, Жаңаталап, Самарқанд, Асыл, Қызылжар, Сартөбе, Доскей, Семізбұға, Суықсу ауылдарында желілердің құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды пайдалануға беру осы жылы 97,7 халықты орталықтандырылған сумен қамтумен жоспарланып отыр. Ауыл тұтынушыларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Бес жыл ішінде біз ауданның ауылдарын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуіміз керек», – деді Сержан Аймақов.