Қарағанды облысының бір ауданында пандемия басталғалы 2,5 мыңдай адам КВИ жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында пандемия басталған кезеңнен бастап COVID-19 жұқтырудың 2 416 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 726,7 құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының бір ауданында пандемия басталғалы 2,5 мыңдай адам КВИ жұқтырған

Ведомствоаралық комиссияның дерегіне сай, с ырқаттану деректеріне жасалған талдауға нәтижесінде:

- жұқтырғандардың 38% індетті бұрын науқастанған отбасы мүшелерінен жұқтырған, мұның өзі үй карантині талаптарының сақталмағанын көрсетіп отыр;

- науқастардың 35% індетті адамдардың жаппай жиналатын қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық көлікте жұқтырған;

- 18% бетперде режимін бұзумен байланысты;

- 5% жұмыс барысындағы байланыстардан орын алған, мұның өзі жұмыс орындарында аурудың алдын алу шараларын сақтамаумен және ұйымдар мен кәсіпорын басшылығы тарапынан шаралардың сақталуына тиісті деңгейде бақылау жүргізілмеуін көрсетіп отыр;

- 4% коронавирус инфекциясын басқа аумақтардан әкелінген жағдайлар.

Оқу жылы басынан оффлайн оқытылатын аудан оқушылары арасында аурудың 21 жағдайы тіркелген, 35 науқас оқушылар қашықтықтан оқытылады. Сырқаттанушылық құрылымында ересектер 84% құрап отыр, оның ішінде 16% зейнеткерлер.