Қарағанды облысының бірнеше елді мекенінде төтенше жағдай жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының кейбір кенттері мен ауылдық округтерінде төтенше жағдай жарияланды. Бұл жайында ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының хабарлауынша, күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты Қарағанды облысының Осакаров ауданы әкімінің шешімімен Осакаровка, Молодежный елді мекендері мен Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионерский, Озерный, Николаевский, Тельман, Құндызды кенттері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.