Қарағанды облысының екі ауылында су құбырын жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жалғасуда. Абай ауданының Құрма және Жұмабек ауылдарындағы су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының екі ауылында су құбырын жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының арқасында ауыл тұрғындарының өмірі жайлы болуда. Қойылған міндеттерді іске асырудың тиімділігіне жобалық басқару арқылы қол жеткізіледі.

«Ескі су құбыры толығымен тозған, сондықтан екі ауылдың тұрғындары құбыр желісіндегі жарылыстарға байланысты жиі қолайсыздықтарға тап болған.

Мердігер жұмыстарды қыркүйек айында аяқтап, нысанды іске қосуға уәде берді», - деді Құрма ауылдық округінің әкімі Айдар Гомаров.

Құрма ауылдық округіндегі «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы бойынша да жолдар ретке келтіріледі. Бірнеше көшеге асфальт төселеді. Жұмыс келесі аптада басталуы керек.

Құрма ауылының балалары жаңа мектепте оқитын болғандықтан босаған ескі мектеп ғимаратын қайта жаңғырту басталады . Екі жыл ішінде оларды оны күрделі жөндеуден өткізу жоспарлап отыр. Осыдан кейін мұнда бірнеше мекеме орналаспақ: ауыл әкімдігі, учаскелік полиция пункті, мәдениет үйі және кітапхана. Сондай-ақ м ұнда спорт залы мен жастар коворкинг-орталығы жабдықталатын болады.