Қарағанды облысының құтқарушылары екі адамды ажалдан аман алып қалды
4 қаңтарда Сәтбаев қаласының құтқарушыларына жедел медициналық жәрдем бригадасынан қар құрсауында қалып қойып, шақырту орнына жете алмай қалғандықтары туралы хабарлама келіп түсті. 70 жастағы Шампай ауылының тұрғынына шұғыл көмек қажет болған. Құтқарушылар «Трэкол» қармен жүретін көлікпен фельдшерлерді Шампай ауылына жеткізді, олар әйел адамды тексеруден кейін оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған. Құтқарушылар әйелді Сәтбаев қаласына жедел жеткізді, ол медициналық мекемеге жатқызылды.
Тағы бір құтқару операциясы Ұлытау ауданында жүргізілді.
5 қаңтар күні Қаракеңгір ауылдық округінің Қыпшақбай қыстағында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
1949 ж.т. ер адам 4 қаңтарда малын іздеуге аттанып, қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылармен қоса әкімдік қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
13: 30-да жоғалып кеткен адамды жергілікті әкімдіктің іздеу тобы қыстақтан шамамен 20 шақырым жерден тапты. Ол медициналық көмекті қажет етпеген. Белгілі болғандай, ер адам қалың тұман салдарынан адасқан.
Құтқарушылар қыс мезгілінің қауіптілігі туралы ескертеді. Метеожағдайлар нашарлаған кезде алыс қашықтыққа сапарлардан бас тартқан жөн дейді, мамандар.