Қарағанды облысының құтқарушылары «ұшақ апатының» салдарын жойды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Қарағанды облысының ТЖ Департаменті әуе апаттары кезінде жолаушылар менэкипажды іздестіру және құтқару бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының құтқарушылары «ұшақ апатының» салдарын жойды

Жаттығу бойынша, бүгін таңертең Қарағанды әуежайының маңында АН-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Оқиға орнына ТЖД, ТЖМ әскери бөлімі және «Сарыарқа» әуежайының күштері мен құралдары жіберілді. Зардап шеккендер қоқыс астынан шығарылып, эвакуацияланды.

Оқу-жаттығу апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді

және құтқаруды ұйымдастыру бойынша іс-қимылдарды пысықтау мақсатында өткізілді.

Жоспар бойынша «112» пультіне Қарағанды қаласы әуежай диспетчерлік қызметінен

АН-24 әуе кемесімен апатты жағдай туындағаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД жедел кезекшілері авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын шұғыл құлақтандыруды жүргізді.


Авариялық әуе кемесінің координаттарын анықтау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ іздеу

тікұшағының ұшуы ұйымдастырылды.

Әуежайдан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде ұшақ құлаған жер, жолаушылар мен экипаждан зардап шеккендер табылды. Авариялық-құтқару қызметтері әуе кемесінің конструкциялары қысып қалған зардап шегушілерді алып шықты.

Сондай-ақ, төгілген авиациялық отынның жануын сөндіруді ұйымдастырумен жалпы ауданы 1000 шаршы метрден астам әуе кемесі фрагменттерінің жануын жою бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД 66 адам және 17 бірлік техника, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі, Апаттар медицинасы орталығы, «Қазавиақұтқару» АҚ, «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ жұмылдырылды.