19:24, 28 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен Қарағанды облысының жаңа прокуроры тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен Қарағанды өңіріне прокурор болып Ибырай Тілеуғалиев келді. Ол бұған дейін еліміздің Бас көлік прокуроры болған еді. Ал Марат Əлиханов ҚР Бас көлік прокуроры болып тағайындалды. Марат Тілеуқабылұлы жаңа тағайындауға дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есеп комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.