Қарағанды облысының Шахан кентінде карантиндік шектеулер жеңілдетілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шахан кентінде коронавирус инфекциясына байланысты шектеулер жеңілдетіледі. Атап айтқанда, мектепке дейінгі мекемелер, балалар және спорттық-сауықтыру орталықтары мен басқа да нысандар жұмысын жандандырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының Шахан кентінде карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Шахан кентінде COVID -19 инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеулер алынып тасталады.

Келесі қызметтер қайта жанданады:

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтар); жалпы білім беретін мектептердің (кезекші сыныптар);

- балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметі;

- спорттық-сауықтыру орталықтарының, тренажер залдарының, спорт үйірмелерінің/секцияларының жұмысы;

- жәрмеңкелер;

- мәдениет объектілері.

Демалыс күндері: моншалардың, сауналардың, базардың қызметі; Шахтинск-Шахан-Шахтинск қатынасындағы тұрақты жолаушылар тасымалдарының қозғалысы қайта басталады.

Қоғамдық тамақтану объектілері мен қызмет көрсету саласындағы субъектілердің (Екінші деңгейдегі банктер, пошта бөлімшелері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, адвокаттық және нотариаттық кеңселер, ломбардтар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар, сақтандыру компаниялары) және жұмысына рұқсат етілген объектілердің қызметі мен жұмыс режимі «Қарағанды облысында шектеу іс-шараларын күшейту туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы №2-қ қаулысымен реттеледі.

«Шахан кентінің тұрғындары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтауы қажет. Тұрғындарға: қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынады. Қаулы 2021 жылдың 20 ақпан күні сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді», - деп мәлімдеді Қарағанды олыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, айдың басында Шахан кентінде қарттар үйінде коронавирус індеті тіркелген болатын. 2 ақпанда аталған кентте коронавирус инфекциямен сырқаттану деңгейі облыстық көрсеткіштен асып кетуіне байланысты бірқатар шектеу шаралары енгізілді.