Қарағанды облысының Шет ауданында жаңа мектеп ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті ауылында жаңа мектеп ашылды. Ол 150 оқушыға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының Шет ауданында жаңа мектеп ашылды

Оқу орны апаттық жағдайда болған ғимараттың орнына салынды. Мектеп екі блоктан тұрады және де заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Онда 17 оқу кабинеті, лингафонды-мультимедиялық сынып, шеберханалар, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет бар.

«Ескі мектеп апатты жағдайда болды. Сонымен қатар, ол өте шағын, біздің балалар үш ауысымда оқыды. Бізде асхана болмады, дәретханалар көшеде болды. Жаңа ғимаратта барлығы бар: сыныптардан басқа, асхана, үш шеберхана, дәретхана, көшеде үш корт бар. Сондай-ақ, мектепалды даярлық сыныбы үшін 15 балаға арналған жеке кіреберіс жабдықталған. Қазір олардың жеке ойын және оқу кабинеті бар. Біздің педагогтар мен ата-аналар өте қуанышты», – деді мектеп директоры Жанар Смағұлова.

«Үшінші тоқсанда Киікті ауылының оқушыларын барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқыту жоспарлануда», – деп хабарлады Білім басқармасынан.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов киіктіліктерді заманауи мектептің ашылуымен құттықтап, оқу орнына 10 миллион теңгеге сертификат табыс етті.