Қарағанды облысының Шұбаркөл кентінде теміржол торабының құрылысы жаңа серпін бермек
ҚАРАҒАНДЫ. 15 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан Шқұбаркөл кентінің тұрғындары «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол торабының құрылысына сенім білдіреді, деді елді мекеннің әкімі Әбубәкір Ыдырысов.
Бұл жобаны іске асыру Жезқазған-Арқалық өңірлерін дамытуға жаға серпін береді, деп санайды әкім.
«Жобаның әлеуметтік маңызы өте зор. Құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында 200-ге жуық адам жұмылдырылатын болады. Бұл ауылдың тұрындары жұмысқа орналаса алады деген сөз»,- деді Ә. Ыдырысов.