Қарағанды облысының табиғи монополияларға қарсы департаменті бәсекелестікті қорғау үшін көліктік холдинг құрудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Муниципалдық көлік холдингі» ЖШС-нің құрылуына келісім беруден бас тартты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысының табиғи монополияларға қарсы департаменті бәсекелестікті қорғау үшін көліктік холдинг құрудан бас тартты

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, 2016 жылғы 3 маусымдағы № 108-НҚ бұйрығымен «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-не «Муниципалдық көлік холдингі» ЖШС-нің құрылуына келісім беруден бас тартты», - делінген хабарламада.

Келісім беруден бас тартудың себебі, тиісті тауар нарығында 10-ға жуық ұқсас қызмет түрін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуы.


«Монополияға қарсы орган үшін бәсекелестік ортаның дамуы мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарды құрудан бас тартуға негіз  бола алады», - деп түсіндірді ведомствода.