Қарағанды облысының төрт ауданында шегірткеге қарсы у себілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу бойынша жұмыстар аяқталды. Мамандар 8 мың гектарға жуық жерді өңдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қарағанды облысының төрт ауданында саяқ шегірткелерді жою үшін химиялық өңдеу жасалды. Жұмыстар «Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Жалпы алғанда, мемлекеттік жер қорларына жататын 7890 га жер өңделді.

«Химиялық өңдеу Абай ауданының Есенгелді ауылдық округінде 900 га алаңда, Бұқар Жырау ауданының Ақбел ауылдық округінде – 1500 га, Нұра ауданының Пржеваль, Егінді, Ахмешіт және Көбейтас ауылдық округтерінде – 1950 га, Қарқаралы ауданының Ынталы, Аманжол және Темірші ауылдық округтерінде – 3450 га жерінде жүргізілді», – деп хабарлады Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында.


Соңғы жаңалықтар