Қарағанды облысының төрт тұрғыны «құтыру» алдын-ала диагнозымен ауруханаға түсті

АСТАНА.  Қыркүйектің  5-і. ҚазАқпарат -   Қарағанды  облысының Сәтбаев  қаласында  4 адам    орталық   аурухананың  инфекциялық   бөліміне  «құтыру» алдын-ала  диагнозымен түсті, 
None
None

 олардың  арасында  14 жастағы жасөспірім  бар,  деп    хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Науқастардың бірі    қайтыс болды,  қалғандарының    жағдайын дәрігерлер   қанағаттанарлық деп  отыр.    Оларға  нақты диагноз     зертханалық тексерулер жүргізілгеннен кейін қойылады.

Құтыру   вирусы мал  мен  адамның  бас  миын   қабындырады.    Адамға     тістеген  ауру малдың    сілекейімен  жұғады.

 Халықаралық Alliance for Rabies Control   ұйымының  мәліметтері  бойынша,    дер кезінде жасалған  вакцинаның  адамдарды  құтыру ауруынан  құтқаратына  қарамастан,    бүкіл әлемде    жыл сайын  55 мыңға жуық  адам,  негізінен   Азия және  Африка елдерінде   осы індеттен     көз жұмады екен.

Соңғы жаңалықтар