Қарағанды полицейлері борышкерлерден 26 млн теңге өндіріп алды

24 ақпан мен 10 наурыз аралығында Қарағанды облысының полиция департаменті жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзғаны үшін «жазалаудың бұлтартпастығы» принципін жүзеге асыру.
Мәселен, жедел алдын алу шарасы аясында облыс бойынша жалпы сомасы 26 млн 147 мың теңгенің 2061 айыппұлын өндірілді.
Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қызметкерлерімен бірлесіп, тәртіп сақшылары атқарушылық іс жүргізу материалдары бойынша 569 рейд өткізді.
Облыс бойынша арнайы айыппұл тұрақтарына 11 көлік құралы жабылды, оның ішінде бір автокөлік Ресей Федерациясында тіркелген.
Сондай-ақ, полицейлер ЖҚЕ бұзған жүргізушілерге 1 млн 414 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 96 ұйғарым берді. Олардың ішінде Ресей Федерациясында тіркелген 34 көліктің иесі - 638 мың теңге, Армения Республикасында тіркелген 4 көлік жүргізушісі - 69 мың теңге айыппұл төледі.
Бұдан басқа, полицейлер борышкерлерді мекенжайы бойынша аралап шықты. Осылайша, тәртіп сақшылары жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, 3 әкімшілік айыппұлдан астам борышы бар 80 қарызгердің пәтеріне барды.
Аталған іс-шараның нәтижесінде борышкерлерден 525 мың теңге сомасына 39 айыппұл өндіріп алынды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы 48 хабарлама таратылды.
Айта кету керек, жеке сот орындаушылары көлік құралдарын алып қою, банктік шоттарға тыйым салу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу, қызмет көрсеткені үшін айыппұл сомасының 25%-на дейін қосымша төлем алу бойынша шаралар қабылдауда.
Сондай-ақ, полиция департаменті әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін полиция департаменті айыппұлдарды уақытылы төлеуді ұсынады.