Қарағанды полицейлері тұрғындардан сот-медициналық сараптама орталығы филиалының директорын өлтіргендерді ұстауға көмектесуді сұрауда
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстық полиция басқармасы сот-медициналық сараптама орталығы филиалының директоры Мейрамбек Шәкіровті өлтіру қылмысына куә болғандарға тергеуге көмектесу туралы өтініш жасады.
Бұл туралы бүгін, наурыздың 12-сі күні таратылған үндеуде айтылып отыр, деп хабарлады департаменттің бапасөз қызметінен.
Азаматтардан осы қылмысқа қатысты мәліметтермен бөлісуді өтінген полицейлер, оларға анонимділікке және ақшалай сыйлыққа кепілдік беріп отыр.
Әділет министрлігі Сот-медициналық сараптама орталығының Қарағанды аймақтық ғылыми- өндірістік зертханасының директоры 42 жастағы М.Шәкіров наурыздың 4-і күні жұмысқа кіреберісте оққа ұшқан болатын.