Қарағанды полициясы жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды полициясы жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды полициясы жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр

«22 наурыз күні 22 сағатта Қарағандыдағы Мұқанов көшесінде көлігімен адамды қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Көлік маркасы әлі анықталған жоқ, жүргізушінің де кім екені белгісіз», - деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі департаментінен. 

Жапа шегуші ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты ҚК 345-бабы (Көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзуы) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаға куә болған адамдардан көмек сұрап отыр.

«Көлік жүргізушісін және оның қайда екенін білетін адамдардан жедел 102 немесе 8 701 5500191 нөміріне хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлайды жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімі.