Қарағанды саябағынан иесіз қалған сауда дүңгіршектері шығарылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Орталық саябағын кәсіпкерлер тастап кеткен жылжымалы сауда нүктелерінен тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды саябағынан иесіз қалған сауда дүңгіршектері шығарылып жатыр

Мұндай төтенше шараға қалалық саябақтар басқармасын бизнесмендер тарапынан еш әрекет жасалмауы итермелеп отыр. Кәсіпкерлермен жасалған келісімшарттардың мерзімдері өткен жылдың қыркүйегінде аяқталған, алайда олардың бірде бірі сәйкесінше ескертулер алғанымен, ескі дүңгіршектер мен контейнерлерді алып тастауға асығар емес. Тастап кеткен сауда нүктелері Қарағандының саябақтар басқармасының аумағына (Мичурин көшесі, 21а) тасымалданып жатыр. Сол жерден оларды иелері алып кете алады. 

Айта кету керек, биылғы жылы Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағын көгалдандыру және әсемдеудің жаңа концепциясы жүзеге асырылатын болады. Осылайша, бас сахна мен көгілдір арка арасындағы барлық жылжымалы сауда нүктелері алып тасталатын болады. Мұнда табиғи көк шөп егіліп, қылқын жапырақты ағаштар отырғызылып, топиарлы мүсіншелер орнатылады.