Қарағанды стоматологиясында ресейлік баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі жасар баланың өлім себебін анықтау мақсатында Tiny Dent стоматологиялық клиникасына жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атап өтілгендей, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне 23 ақпан күні "MEDCИ" ЖШС-дан Ресей азаматы Семен Арзамасцев есімді баланың өлімі фактісі бойынша хабар түскен. Бүлдіршін «Облыстық медицина орталығы» РММ жансақтау бөлімінде "Tiny Dent" стоматологиялық клиникасында күре тамырға анестезия егілгеннен кейін қаза тапқан.

Осы оқиғаға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Қоғам денсаулығын қорғау департаменті Ішкі істер басқармасымен бірлесе жоспардан тыс тексеріс жүргізетін болады. Құрылған комиссияның құрамына клиникалық фармокология, анестезиология-реаниматология, патоморфология, сот-медициналық сараптама және балалар стоматологиясы салаларындағы тәуелсіз сарапшылар енді.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 317-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағандыдағы стоматологиялық емханалардың бірінде екі жасар сәбидің көз жұмғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар