Қарағанды техникалық университетінің оқытушысы жас ғалымдар арасындағы «Шарықтау» конкурсының жеңімпазы атанды

ҚАРАҒАНДЫ.  Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды мемлекеттік   техникалық университеті  «Пайдалы қазбалар  кеніштерін игеру» кафедрасының  оқытушысы  Нұрбол  Бақтыбаев инновациялық

Қарағанды    техникалық университетінің  оқытушысы   жас ғалымдар  арасындағы   «Шарықтау» конкурсының  жеңімпазы атанды

мазмұндағы бастамашылық ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша Қазақстанның жас ғалымдары арасында жарияланған  «Шарықтау» конкурсының  жеңімпазы  атанды,  деп  хабарлады     жоғары  оқу орнының баспасөз қызметінен.

«Ғылым қоры» акционерлік қоғамы конкурсты  қазақстандық ғылымды дамытудың бес басымдықты бағыты, атап айтқанда нанотехнология және жаңа материалдар; биотехнологиялар; көміртек және кен-металлургиялық секторларға арналған және олармен байланысты сервистік қызметтерге арналған технологиялар; ядролық технологиялар мен орны толатын энергетика технологиялары; ақпараттық және ғарыш технологиялары бағыттары бойынша өткізіп отыр.

 «Жас қазақстандық ғалымдарға ғылыми зерттеулерін жүргізуде қолдау көрсетуді мақсат еткен  конкурстың   жалпы жүлделік қоры 5 миллион   теңгені құрайды.  Аталған бес бағыттың әрқайсысы бойынша үздік жұмыстың авторлары өз зерттеулерін жүзеге асыруға және алынған нәтижелерді еліміздегі және шетелдегі танымал ғылыми басылымдарға жариялауға 1 миллион теңге көлемінде сыйлық алады», - деп хабарлады  Қарағанды  университетінің баспасөз қызметінен.

Жоғары  оқу орнының баспасөз қызметінен    хабарлағандай,   жеңімпаздар    қыркүйектің   19-ында Алматыда Тұңғыш  Президент  қорында  өтетін   марапаттау  рәсіміне  шақырылып  отыр.   Қыркүйектің 18-19-ында   Алматыда  «Өркениеттердің  келешегі     және өркениетті серіктестестіктің стратегиясы»  тақырыбындағы  ІІІ  өркениеттік  форум  аясында   жастардың  инновациялық  конвенті   өткізіледі.