Қарағанды топырағынан шыққан боксшымын - Әлем чемпионы Олег Маскаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Астанаға ат басын бұрған атақты боксшы Олег Маскаев өзiнiң атақ-даңқына тек Қарағанды бокс мектебiнiң арқасында қол жеткiзгендiгiн айтты.
None
None

Айта кетейiк, Олег Маскаев Қазақстан тумасы, кәсiпқой бокста 2006-2008 жылдары WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған. Ол Қарағандыда өткелi отырған Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирдi тамашалауға келген болатын.

"Мен өзiм Қарағанды облысы, Абай ауданынан шықтым. Жарылғапов атындағы турнирге сан мәрте қатысып, онда сан мәрте жеңiске жеткенмін. Тағдыр жазғаны болар, әскери қызметiмдi Өзбекстанда өткiздiм де, сол жақта үлкен спортқа бет бұрдым. Дегенмен мен өзiмнiң бокс мектебiм Қазақстанда, Қарағандының Абай қаласында қалыптасқанын ешқашан ұмытқан емеспiн. Сол кездегi жаттығулар, бокстағы алғашқы қадамдарыма қолдау көрсеткен бапкерлер жадымда. Өкiнiшке орай үлкен рингте мен Қазақстан намысын қорғаған жоқпын. Өзбекстан атынан, кейiн Ресей туының астында өнер көрсеттiм. Бiрақ мен өзiмнiң шыққан жерiмдi үлкен құрметпен еске алып жүрдiм, мен - Қарағандыданмын. Осы өңiрден шыққан барлық боксшыларды танимын, олардың әр қадамдарын бақылап жүремiн. Қайда болсам да, Қарағанды жерiнiң, Абай жерiнiң намысын қорғап жүремін", - деп атап өттi ол.

Соңғы жаңалықтар