Қарағанды тұрғыны 775 мың теңгесі бар сөмкесін тауып берген полицейлерге алғыс айтты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қарағанды тұрғыны 775 мың теңгесі бар сөмкесін тауып берген полицейге алғыс айтты. Оқиға Павлодар облысының Екібастұз қаласына жақын маңда болған. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды қаласының тұрғыны Баймырза Қадырбеков, өзінің жеке және жүргізуші куәлігі және 775 000 теңге ақшасы бар жоғалтқан сөмкесін тауып және оны сақтап қалғандары үшін Екібастұз қаласы Полиция басқармасы патрульдік қызмет ротасының инспекторлары полиция аға лейтенанты Манарбек Мақсұтовқа, полиция сержанты Дархан Бүкетовке және автовокзалдың қызметкерлері алғысын білдірді.
Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде сағат 23.00–де Семей-Қарағанды рейстік автобусының жүргізушісі Б.С.Қадырбеков Екібастұз қаласы арқылы жүріп өту кезінде автовокзал платформасында өзінің сөмкесін кездейсоқ түсіріп алған.
«Бағыт бойынша Екібастұздан 20 шақырым жерде орналасқан Бәйет ауылынан келе жатып, менің әріптесім сөмкем жоқ екендігіне назар аударды, ол өйткені менің иығымда ілініп тұратын. Содан кейін мен бірден автовокзалдың диспетчерлігіне және кезекші бөлімге 102-ге қоңырау шалдым. Енді қайтемін, аз ақша емес, менің асырауымда 6 адам бар. Жалғыз асыраушы өзім ғана деп уайымдай бастадым. Кері қайту мүмкін емес, өйткені салонда Қарағандыға дейін жол жүріп бара жатқан адамдар бар. Бақытыма қарай телефоныма қоңырау шалынып, тұтқаның арғы жағындағысы сөмкенің табылғанын хабарлады, қуанышымда шек болған жоқ. Өйткені бұл ақшаны тапсырыс бойынша беру керек еді» - дейді Баймырза Серікбайұлы.