Қарағанды тұрғыны күйеуін өлтіруге тапсырыс берген
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Қарағандыдағы тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Облыстың ІІД ҰҚКБ жедел қызметкерлеріне 41 жастағы Қарағанды тұрғыны өзінің күйеуін өлтіруге тапсырыс бермекші болып жатқаны белгілі болды. Осы факті бойынша сол күні ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі бойынша сот алды тергеу басталды.
Полицейлер жәбірленуші тапсырыс берушінің 46 жастағы ерін анықтады. Оған қауіпсіздік шаралары қабылданды. ҰҚКБ қызметкерлері жалған кісі өлтіру операциясын ұйымдастырды, артынша қызметі үшін ақша беру және орындаушыдан өлтірілген адамның суретін алу кезінде тапсырыс берген әйел қолға түсті», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. Ұталған дәлелді айғақ берді, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу барысында оның күйеуін өлтіруді жоспарлап жүргеніне бірнеше жыл болғаны анықталды.