Қарағанды тұрғыны лотереядан 10 миллион теңге ұтып алды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды тұрғыны «Супер Бинго» лотереясынан 1x100000 рекордтық коэффициентімен 10 миллион теңге ұтып алды.

Қарағанды тұрғыны лотереядан 10 миллион теңге ұтып алды

Бұл туралы «Супер Лото» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Елдегі кезекті миллионер 30 желтоқсан күні өткен ойынның 518-ші тиражында анықталды. Онда барынша көп сан сәйкес келген. Яғни ойында қарастырылған 10 санның барлығы да түскен.

Компанияның хабарлағанындай, ойыншы ең минималды 100 теңгелік ставкамен ойнаған. Егер ол сол кезде максималды 1 000 теңге ставка қойғанда 100 млн. теңге қалтаға басар еді.