Қарағанды тұрғыны сыған-балгердің 1 млн. теңгесін қалай үптеп кеткенін білмей де қалды
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - 17 шілде күні шамамен сағат 15.30-да Қарағанды қаласының 24 жасар тұрғыны полицияға хабарласып, шағымданған.
Жәбірленушінің айтуынша. Ерубаев және Бейбітшілік көшесі қиылысында 25-30 жас шамасындағы сыған ұлтты екі белгісіз әйел алдап-арбау арқылы (тіл-көзден сақтаймыз деп) 1 000 000 теңге сомасында ақшасын ұрлап кеткен.
Сондай-ақ «балгерлер» жас қыздың гауһартасты сағаты мен алтын сырғасын, алқасын және 2 сақинасын шешіп алған. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция 26 жасар күдіктінің кім екендігін анықтады, оны ұстау және сыбайласының жеке тұлғасын анықтау бойынша шара жүргізілуде.