Қарағанды тұрғыны ұрланған көлікті сатқан елордалық шенеуніктерден өтемақы талап етті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Электронды сауда-саттықта саудаланған Toyota Land Cruiser Prado джипі ұрланған көліктер тізімінде тұрған. Ал, оны сатып алған Қарағанды тұрғыны Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінінен моральдық өтемақы талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандылық талап еткен өтемақы көлемі 100 мың теңге. «Арызданушы Toyota Land Cruiser Prado  көлігін сатып алуға жұмсалған 4 млн 762 мың теңгемен қоса 100 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өндіруді талап еткен», - деп хабарлайды Қарағандының №2 Қазыбек би аудандық соты.

Ақтөбеден ұрланған көлік Астана қалалық әділет департаментінің иелігінде болған. Машина шығысқа шығарылып, сауда-саттыққа қойылған. Электрондық сауда-саттықты ұйымдастырушы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.

Сот ең алдымен көліктің әкімшілік полиция басқармасының тіркеу бөлімінде қалайша тіркеуге алынғанын нақтылауы керек. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Астананың құқық қорғау органдары кіріскен.

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram