Қарағанды тұрғынының пәтерінен 1,2 килограмм героин табылды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарағанды қаласы тұрығынының пәтерінен 1,2 килограмға жуық героин табылды. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков мәлім етті.
Аса ірі көлемдегі есірткіні сақтаған азаматша 5 мамыр күні қалалық ІІД-нің ҰҚҚКБ және ЕБҚКБ-ның қызметкерлерінің жүргізген операциясы барысында ұсталды. «Оның пәтерінен 1 кг 154 гр. героин табылған»,- деді Қ. Тыныбеков. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жалпы есірткінің заңсыз айналымына байланысты мамыр айында 49 қылмыс анықталған, оның ішінде 18 факті есірткі сатуға қатысты.